ҚЫЗЫЛОРДАДА САЛ АУРУЫНА ШАЛДЫҚҚАН БАЛАЛАРДЫ ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛАДЫ
«Қанат» оңалту орталығы - церебральды сал ауруына шалдыққан балаларға арналған Қазақстанда теңдесі жоқ, бірегей жоба. Оның негізін қалаушы Сәкен Темірқұлов мүгедек балалардың денесінің буындарын түзету үшін 70 тренажерді өзі ойлап тапқан. Сондай-ақ, орталықта бүлдіршіндерге арнайы тігілген корсеттер тегін үлестірілетін болады.
Айта кетейік, спорттық-сауықтыру кешенінің жаңа ғимаратының құрылысын аяқтау үшін Сәкен Темірқұловқа «Даму» қорынан 50% кепілдік берілді.
Тиімді емдеудің арқасында бұл орталыққа науқастар еліміздің өңірлерінен ғана емес, сонымен қатар шетелден келеді. Мемлекеттік қолдауға ие болған “Қанат” орталығында бір уақытта екі жүзден астам балаларды емдеуге мүмкіндігі бар.
Аталған жобаға «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ («Бәйтерек» Ұлттық Басқарушы Холдингі» АҚ еншілес компаниясы) және «ЦеснаБанк »АҚ қолдау көрсетті.
Жаңа ғимаратта 200 пациентке арналған 2 жаттығу залы, операциялық зал, қысқы бақ, процедуралық кабинеті бар.
Комплексте массаж, физиотерапия, бобат-терапия, емдік физкультура арқылы ем көрсетіледі. Орталық 38 адамды жұмыспен қамтымақ.