ҚАЗАЛЫНЫҢ АУЫЛДАРЫ АЖАРЛАНЫП КЕЛЕДІ

Ал Кеңес Одағының батыры Ү.Түктібаевтың 100 жылдығына орай батыр баба атындағы ауылды абаттандыру жұмыстарына бюджеттен 136,8 млн. теңге қаржы қаралған. Оның ішінде ауылды абаттандыру жұмыстарына аудандық бюджеттен 63 млн. теңге, ауылдағы алты көшеге жөндеу жұмыстарын жүргізуге облыстық, аудандық бюджеттерден 76 млн. теңге бөлінді. Қазіргі таңда ауыл орталығынан «Тағзым алаңы» мен «Жастар» алаңы жасалуда. Жаңадан салынып жатқан «Тағзым алаңына» батыр бабамыздың бюсті қойылады. Сонымен қатар, ауылдық клубтың айналасы қоршалып, ауыл орталығындағы алты көшеге жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен қатар, биыл Қазалы қаласының атауына 150 жыл толды. Бұл ретте қаладағы абаттандыру жұмыстарына бюджеттен 434,3 млн. теңге бөлінді. Бүгінге дейін қала көшелерінің қиылыстарына 5 комплект бағдаршам, 6 көшеге түнгі жарықшамдар орнатылды. «Жастар алаңының» құрылысы жүргізіліп жатыр. Алдағы уақытта «Ардагерлер алаңы» абаттандырылып, осы жерге қаланың 150 жылдығына арналған монумент орнатылады. Сонымен қатар, №18 жасөспірімдер спорт мектебінің ғимараты мен спорт алаңына абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Қаланың 4 орталық көшесіне жаяу жүргіншілер жолы мен бордюр салынуда. 5 көше орташа жөнделіп, 5 көшеге шағыл тас төселуде.
