БИЫЛ БАЙҚОҢЫР ГАЗҒА ҚОСЫЛУЫ МҮМКІН
Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында ҚР Энергетика вице-министрі Мағзұм Мырзағалиев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қазіргі таңда Байқоңырда алғашқы әлеуметтік нысандарды газға қосудың нақты мүмкіндігі бар. Біз апта сайын бұл мәселе бойынша жиналып, мәліметтерді хабарлап тұрамыз», - деп атап өтті вице-министр Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.
Өз кезегінде «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Бас директоры Манас Тасыбаев өткен жылы 48 шақырым желінің құрылысы жүзеге асырылғанын еске салып өтті.
– Жазда үкіметаралық комиссияның отырысы өтіп, онда газдандырудың кестесі бекітілді. Атап айтқанда, біздің желілер бүгінде дайын тұр, осы орайда жыл соңына қарай газ берілуі мүмкін, - деді М. Тасыбаев.