ҚОРҚЫТТЫҢ КҮЙ МҰРАСЫ ҚОНҒАН ДАРЫН
Қорқыт бабамыздың күйлерін сақтап, жаңғыртып, кейінгіге жалғаған Ықылас Дүкенұлы екені белгілі. Ықыластың әкесі Дүкен де, оның әкесі Алтын да, өзінің Дүйсебай, Түсіпбек, Ақынбай атты үш баласы да көшелі қобызшылар болған деседі.
Осынау біртуар композитордың тікелей ұрпағы Ақнар Шәріпбаеваға да күй киесі қонған екен. Бүгінде Д.Нұрпейісова атындағы академиялық халық аспаптар оркестрінің әртісі Ақнар Тәттібайқызы Қызылордада өтетін «Қорқыт және Ұлы дала сазы» фестиваліне келген сапарында Қорқыт бабамыздың күйін орындады.
Қорқыттың күй мұрасы қонған дарынды өнерпаз ежелгі ұзандар үні тербеген ұлы далада өтіп жатқан өнер шарасының түркілдес елдер арасындағы бауырластықты бекіте түсетініне сенімді.