БӨЛІМ ҒИМАРАТЫ ЖӨНДЕУДЕН ӨТКІЗІЛУДЕ
Қызылорда облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі Шиелі ауданы №9 өрт сөндіру бөлімінің ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстары басталды.
Жалпы ауданы 621,7 шаршы метр құрайтын өрт сөндіру бөлімінің күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жергілікті бюджеттен 31 211 000 теңге бөлінді. Ғимараттың қасбеті байланыс бекеті, газ-түтіннен қорғау қызметі, сынып бөлмесі, киім ауыстыратын бөлмелер, себезгі бөлмелері, гараж бокстары толық жөндеуден өтеді. Сондай-ақ терезе рамалары мен есіктерін ауыстыру бойынша жұмыстар жүргізіледі.
Сонымен қатар ескі шатырды профильмен ауыстыру жоспарланып отыр. Өрт сөндіру депосының күрделі жөндеудің жобалық-сметалық құжаттамасында инженерлік желілерді ауыстыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.