АЙМАҚ ЖУРНАЛИСТЕРІ ОМО ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ
Соңғы жылдары Сыр медицинасы қарқынды дамып келеді. Себебі, өңірімізде денсаулық сақтау саласы жетіліп көңіл бөлініп ірі жобалар жүзеге асып, тың бастамалар қолға алынуда. Бүгінде аталған саланың жетістігі мол. Осыған орай, Өңірлік коммуникациялар қызметі баспасөз турын ұйымдастырып журналистер орталықтың тыныс-тіршілігімен танысып, адам жанына араша түсетін дәрігерлердің бір күндік жұмысына қанықты.
Алты жүз орындық ауруханада 23 клиникалық, 37 қосалқы бөлімше жұмыс істейді. Мұнда күндіз-түні науқастарға үздіксіз қызмет ететін 1330 қызметкер бар. Орталық – Сыр халқына мамандандырылған медициналық көмек көрсететін бірден-бір емдеу орны.
Баспасөз турында БАҚ өкілдері ота залдарына кіріп, күрделі операциялардың жасалуына куә болды.