ТҮБІ БІР ТҮРКІ ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ
Қорқыт есімі де, XIII ғасыр бойы халықтың мұңы мен зарын, қуанышы мен қайғысын, үміті мен арманын баяндап, үні мен сарынын сақтап келген қобыз да, оның әуені де киелі. Сондықтан, Қорқыт десек қобызды, қобыз десек Қорқытты көз алдымызға елестетеміз. Бұл екі есім мен ұғымды бөліп алуға болмайды.
Ежелгі заманнан бері ұрпақтан - ұрпаққа мирас болып келе жатқан асыл мұраның бірі, аты аңызға айналған Қорқыт баба және оның күйлері. Бабаның күйлері тек қазақ ұлтында сақталған. Сондай-ақ, терімен қапталған, жылқының қылымен тартылған, қоңыр үнді қобыз тек бізде ғана.
Тағы бір белгілі дерек – Қорқыт қазақ арасында ғана емес, түбі бірге туысқан түркімендер, түркия түріктері арасында да ежелден болғандығы. Бұл халықтардың әрқайсысы да Қорқыт — ата турасындағы әңгімелерді өздерінің төл ұлттық мұрасындай қабылдайды және мақтаныш етеді. Сондықтан бұл «Қорқыт және ұлы дала сазы» фестивалі түбі бір түркі халықтарының ынтымағын одан әрі нығайтатын айтулы шара деп білемін.
Қазақбай ДОТАҰЛЫ
Қазақ Ұлттық өнер университетінің
«Қорқыт ата мұрасын зерттеу зертханасының» меңгерушісі