ЖАЛАҒАШТА ҚОҒАМДЫҚ РЕЙД ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
Жалағаш кентінде аудандық ішкі істер бөлімінің бастамасымен жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында қоғамдық рейд жүргізілді.
Аудандық прокуратура, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы, "Жалағаш аудандық жастар ресурстық орталығы" КММ, «Темірқазық» ҚБ өкілдері қатысқан рейд жұмыстары барысында ойын-сауық орындарын, дүкендер мен қоғамдық демалыс орындарын аралап, құқық бұзушылыққа жол берген жасөспірімдерге түсіндірме жұмыстары жүргізілді.