БАЛА БАҚЫТЫ - БАРШАМЫЗҒА МІНДЕТ
Жаңақорған ауданы әкімдігінде аудан прокуроры Нұрболат Серікұлы Дүйсенбаевтың бастамасымен аудан көлеміндегі балабақшалардың бала тасымалдауды заңдастыруға орай жиын өтті.
Жиын барысында кент әкімі Аллаберген Сахымбекұлы Ахметов, Жергілікті полиция қызметінің басшысы Ербол Тоқанұлы Әлімбеков кент және ауылдық округтердегі балабақшалардың бала тасымалдау қызметін заңсыз жүргізіліп отырғандығы жөнінде баяндама жасады.
Атап айтар болсақ, "Кәусар", "Фарида - Көркем", "Балатаң", "Еркетай", "Альбина" тағы басқа жеке балабақшалар жеңіл көлікке саны 7 баладан жоғары бала тасымалдау кезінде жергілікті полиция қызметкерлері хаттама толтырылғандығын айтып өтті.