ҚОРҚЫТ МҰРАСЫ ТҮРКІГЕ ОРТАҚ БАЙЛЫҚ
Түркі тілдес халықтардың «Қорқыт және Ұлы Дала сазы» атты дәстүрлі халықаралық музыкалық өнер фестивалі аясында ғылыми-практикалық конференция басталды. Онда облыс әкімі Қырымбек Көшербаев сөз сөйледі.
- Елбасы қолдауымен Қызылорда облысының әкімдігі мен ТҮРКСОЙ ұйымы осымен төртінші мәрте ежелгі ұзандар өлкесі саналған Сыр топырағында халықаралық музыка фестивалін ұйымдастыруда. Тұңғыш Президент бастамасы арқылы дүниеге келген өнер шарасы түркі тілдес халықтар арасындағы байланысты бекіте түсті,- деген облыс басшысы ұлы бабаға құрмет танытуға келген өнер иелеріне алғысын жеткізді.