ҰЛЫЛЫҚТЫ ҮЙЛЕСТІРГЕН ҰЛЫ ТІЛ
Шиелі аудандық орталық кітапхананың оқу залында «Ұлылықты үйлестірген ұлы тіл» атты мерекелік іс-шара өтті.
Мәдени және рухани мұрамызды сақтау, жастарды отаншылдыққа тәрбиелеу, сондай – ақ жастарды кітап оқуға баулу, көркем шығарманы оқыту арқылы әңгіменің құндылығын танытуды көздеген кештің көрермені көп болды.
Кітапхана қызметкері Г.Серікбаева «Тіл – ұлт байлығы, мемлекет тірегі» атты кітап көрмесін жасап, келген оқырмандарға библиографиялық шолу жасады.
Кеш соңы «Тілдер әдемінде» тақырыбында сурет байқауына ұласты. Оқушы өзі таңдаған үш түрлі түсті таңдау арқылы тақырып аясында шығармашылық қиялын қағаз бетіне түсіреді.
Сурет байқауының нәтижесі кеш соңында жарияланды. Шараның мәнді өтуіне №219 мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі К.Есқараева мен кітапхананың белсенді оқырмандары Ж. Абназарова, Б.Стамқұлова, Ғ.Нұрманова, Қ.Әбілда, А.Берікболұлы, Ш.Айнудин, Н.Құдайбергенов, Н.Мүсілімовтер өз үлестерін қосты.