ТЕРЕҢӨЗЕКТЕ ВОЛЕЙБОЛДАН ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИР ӨТЕДІ

Командалар төрт топқа бөлініп ойнайды. Әр топтан екі команда ширек финалға шығады.
Үшніші, төртінші орындарды сарапқа салатын ойын 30 қыркүйек сағат 10.00-де басталса, 11.30-да ақтық ойындар өтеді.
Жеңімпаз және жүлдегер командалар грамота, медаль, кубок және бағалы сыйлықтармен марапатталады.
Айта кетейік, Сырдария ауданының командасы осы турнирдің 11 мәрте жеңімпазы атанған.