ТЖД ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ИНТЕРАКТИВТІ САБАҚ ӨТКІЗДІ
Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері білім басқармасының «Дарын» қосымша білім беру орталығының мамандарымен бірлесіп «Тұрмыстық өрттердің себебі және өрт қауіпсіздік шаралары» тақырыбында интерактивті сабақ өткізді, оған облыс бойынша 57 мектептің 1060 оқушысы, сондай-ақ «Болашақ» колледжі мен М.Мәметова атындағы педагогикалық коллдедждің 50 студенті қатысты.
Оқу процесі барысында оқушыларға слайдтар, азаматтық қорғау қызметінің жұмысы туралы имидждік фильмдер, сонымен қатар оқыту бейнероликтері көрсетілді.
ТЖД баспасөз қыметінің мәліметінше жастар арасындағы мұндай шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады.