ОҚЫРМАНДАРДЫҢ ОЙЫНАН ШЫҚҚАН КӨРМЕ
Шиелі аудандық кітапханасында «Қазақстан - Ұлы дала елі. Мәңгілік ел» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Көрмеге ел дамуының әр жылдардағы белесін бейнелейтін материалдармен қоса ҚР Президенті Н. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы басылған мерзімді басылымдар, еліміздің белгілі қайраткерлерінің пікірлері де қойылды.
Оқырмандарға Елбасының бағдарламалық мақаласын кеңінен таныстыруды көздеген көрме «Болашаққа бағдар- рухани жаңғыру», «Мәңгілік ел» атты екі бөлімнен тұрды.