КЕНТ КӨРКЕЙІП КЕЛЕДІ

Құрылыс жұмыстарын «Орда-құрылыс» серіктестігі жүргізіп жатыр. Жалпы осы аумаққа құны 273 млн. 280 мың теңге болатын инфрақұрылым жұмыстары жүргізілмек.
Болашақта осы аумақтан үш қабатты 9 үйдің құрылысы түседі. Ол үшін алдымен ауыз су, кәріз жүйесі жүргізіліп, электр, телефон желісі тартылып, жол салынбақ.
Қазір бұл жұмыстарға республикалық бюджеттен 98 486 689, облыстық бюджеттен 9 831 853 теңге бөлініп, тиісті жұмыстар атқарылуда.