МҮГЕДЕКТЕРГЕ ҚОЛАЙЛЫ ОРТА ҚАЛЫПТАСТЫРАЙЫҚ
2005 жылдың 13 сәуіріндегі №39 «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңына сәйкес мекемелер мүгедектерге әлеуметтік инфрақұрылым нысандарына кедергісіз кіріп-шығу үшін жағдайлар жасауға міндетті (тұрғын, қоғамдық және өндіріс ғимараттары, құрылыс және имараттар, спорттық нысандар, демалу орындары, мәдени-көріністік және басқа нысандар).
Нысандарға мүгедектердің кедергісіз кіріп-шығуы үшін белгіленген шарттарды толық көлемде орындау мүмкін болмаған жағдайда, осы санаттағы азаматтардың қажеттілігін қанағаттандыратын көлемі аз шешімдер қабылдануы және орындалуы тиіс.
Арбаға таңылған мүгедектер үшін арналған арнайы бейімдеулер мен техникалық шешімдер:
• Тұтқа;
• Пандустар (5% көп еңкеймеген);
• Кеңейтілген есік ойығы (120 см көп емес);
• Көтергіш;
• Автоматтандырылған есіктер (анық мөлдір қосымшасымен);
• Төмен табалдырықтар (1,4 см дейін);
• Тротуарлардың жайпақ түскіштері;
• Тротуарлардың төмендетілген жиектері (биіктігі 1,4 см көп емес);
Көзі нашар көретін мүгедектер үшін арналған арнайы бейімдеулер мен құралдар:
1. Ақпарат көріністерінің дыбыстық және жанасулық құралдары;
2. Баспалдақтағы керағар түсті жолақтар (бірінші және соңғы сатылар);
3. Бағдар үшін арнайы бағыттағыштар (халықаралық символдар);
4. Ескерту бедерлерімен жазылған жанасу плитасы.
Есту мүшесі нашар мүгедектер үшін арналған арнайы бейімдеулер мен құралдар:
1. Ақпарат көріністерінің көзкөрімді құралдары;
2. Видеотелефондар;
3. Радио құлақтандырулар бойынша дыбыстық ақпараттарды акустикалық кедергісіз тікелей есту аппараттарына тарататын байланыстың индуктивті ілгіші.
• Мекеме ғимаратының орталық кіре берісі ( ұйым, кәсіпорын) жұмыс уақытының атаулары жайлы ақпараттары бар ақпараттық кестелермен (ілмелер), сонымен қатар жарықтандырғыш аспаптармен жабдықталуы тиіс.
• Ақпараттық қалқандарда орналасқан ақпараттық материалдар есту мүшесі нашар азаматтар үшін жақсы жарықтандырылған және оқуға оңай болуы керек.
• Мүгедектер автокөліктері үшін тұрақ орындары ғимарат және нысан кіре берісінен 50 мден көп емес арақашықтықта орналасуы тиіс. Мүгедектердің арнайы автокөлік құралдарының тұрақталуы үшін әрбір аялдамада автокөлік құралдарына он пайыздан аз болмайтын ( бірақ бір орыннан аз емес) орын бөлінеді, бұл жерлерде басқа автокөлік құралдарының тұруына тиым салынады.
Мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы заң бұзушылықтың «Әкімшілік құқықбұзушылық туралы ҚР Кодексінің» 77 бабына сәйкес іске асырылу түрлері:
1. Мүгедектердің әлеуметтік нысандарға және транспорт инфрақұрылымдарына кіріп-шығуын қамтамасыз етпеу:
шағын кәсіпорын субъектілеріне- жүз жиырма,
орта кәсіпорын субъектілеріне – екі жүз,
ірі кәсіпорын субъектілеріне – төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.
2. Жоғарыдағы баптың бірінші тармағына сәйкес белгіленген әкімшілік жазаға тартылғаннан кейін жыл ішінде қайталанып жасалған әрекетке (әрекетсіз):
- шағын кәсіпорын субъектілеріне- жүз елу,
- орта кәсіпорын субъектілеріне – екі жүз елу,
- ірі кәсіпорын субъектілеріне – алты жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.
Мүгедектердің бейімделуіне арналған тиісті мекемелер мен ғимараттардың негізгі функционалды аймақтары:
1. Мекеме маңайындағы аймақ ( аумаққа кіру, аумақтағы қозғалыс жолдары, автотұрақ және тұрақ);
2. Мекемеге кіру (сыртқы баспалдақ, кіру алаңы, тамбур);
3. Мекеме ішіндегі қозғалыс жолдары ( дәліз, мекеме ішіндегі баспалдақ, лифт);
4. Негізгі баратын аймақтар ( азаматтарға қызмет көрсету аймағы, жұмыс орны);
5. Санитарлыгигиеналық бөлме ( әжетхана, киімкешек бөлмесі);
6. Ақпараттар жүйесі ( көзкөрімді, аккустикалық, жанасулық).
Мүгедектер үшін нысандарға кіріп-шығу шарттарын анықтайтын негізгі құжат ҚР ЕЖ 3.06 – 01.2011 «Ғимараттар мен имараттардың халықтың аз әрекетті топтары үшін қолжетімділігі» болып табылады.