АКЦИЯ АЯСЫНДАҒЫ ӘДЕБИ КЕШ
Шиелі аудандық орталықтандырылған кітапханасында «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармашылығына арналған «Қараңғы қазақ көгіне өрмелеп шығып күн болам» атты әдеби кеші өткізілді.
Аталмыш акция ҚР Мәдениет министрлігінің қолдауымен ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы мен ҚР Кітапханашылар ассоциациясы бастамасымен 2007 жылдан бастап өткізіліп келеді. Акцияның мақсаты – ұлттық әдебиетіміздегі ең үздік деген туындыны оқу және насихаттау, оқу ісін ілгерілету, рухани мұрамызды сақтау, сондай-ақ жастарды отаншылдыққа тәрбиелеу
Акцияда 10 жылда жыл кітабы атанған шығармалардың шеруі көрсетіліп, кітап көрмесіне шолу жасалынды. С.Торайғыровтың шығармашылығынан «Оқып жүрген жастарға», «Шәкірт», «Туған еліме», «Мен қазақпын, қазақпын деп мақтанамын», «Анау –мынау», «Қандай», «Секілді өмір қысқа, жарты тұтам» өлеңдері оқылып, «Қамар сұлу» романынан көрініс қойылды.
Кештің өтуіне №244 мектеп оқушылары мен кітапхана меңгерушісі Р.Фазыловалар қатысып, өз үлестерін қосты.
Қатысқан қатысушылар алғыс хатпен марапатталды.