ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ПОРТРЕТ ПЕН КЕЛІССӨЗ ПРОЦЕСІ ЖАЙЛЫ

Іс-шараны жасақтың медицина-психологиялық бөлімінің бас құтқарушы – психологы Ж. Бегманова мен Қызылорда облысы ІІД Жергілікті полиция қызметінің инспектор-психологы, полиция аға лейтенанты Гүлвира Ақбенбетова жүргізді.
Тренинг барысында құтқарушыларға «Өз-өзіне баға беру», «Ренішті жою», «Сенімділікті нығайту», «Голливудтағы жұлдыздар» атты ойын-жаттығулары өткізілді. Негізгі бөлімде «Криминалды адамның психологиялық бейнесін құрастыру» және «Келіссөз процесі» жаттығуларын профайлинг әдісімен ұйымдастырылды.
Тренинг соңында құтқарушылар бүгінгі іс-шарадан алған әсерімен бөлісті. Сонымен бірге белсенділік танытқан құтқарушылар арнайы мақтау қағаздарымен марапатталды.