ЛАТЫН ӘЛІПБИІ – РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ БАСТАУЫ
Қармақшы аудандық архивінде қазақ әліпбиін латын графикасына көшіруді насихаттау және қолдау мақсатында «Латын әліпбиіне көшу – рухани жаңғыру талабы» атты кездесу ұйымдастырылды.
«Қазсушар» мекемесі, «Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясы коммерциялық емес» АҚ «Халыққа қызмет көрсету» орталығы департаменті, аудандық архив пен БАҚ өкілдері қатысқан кездесуде ұлт жазуының тарихы жайлы айтылып, қазақ алфавитін латын әліпбиіне көшіруге байланысты пікірлер айтылды.
Осы шарада қазақ жазуының тарихымен таныстыру, латын әліпбиін көпшілікке насихаттау мақсатындағы көрме ұйымдастырылып, оны жұртшылық қызыға тамашалады.
Онда латын қарпімен жазылған аудандық соттың, нотариаттық кеңсенің, Хал актілері Комиссариаты тіркеу бөлімінің және тағы басқа мекемелердің 1931-1939 жылдар аралығындағы құжаттары қойылып, көпшілікке таныстырылды.