ЖАППАЙ КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ БОЙЫНША АЛҒАШҚЫ ЖОБА ҚАРЖЫЛАНДЫРЫЛДЫ

Құралай Сексенова несие қаражатына техникалық қызмет көрсету орталығына қажетті қондырғы сатып алып, ғимаратты жөндеуден өткізуді жоспарлап отыр. Бұрын ол ғимаратты жалға беру қызметімен айналысқан, ендігі жерде төмен пайызды қолжетімді несиенің көмегімен ол техникалық қызмет көрсету орталығы жұмысын іске қоспақшы. Бизнесін дамыту жоспарларын жүзеге асыру мақсатында Құралай Сексенова«Даму» қорының КҚКО-дан пайыздық үстемесі 6% құрайтын Жаппай кәсіпкерлікті дамытудың жаңа бағдарламасы туралы хабардар болып, қор кеңесшілері жобаны ЕДБ қаржыландыруға дейін сүйемелдеу қызметін көрсетті.
«Қазақстан Халық Банкі» АҚ кәсіпкер Құралай Сексенованың жобасын қаржыландыруды мақұлдап, оған 15 млн.теңге көлемінде несие берді.
Еске сала өтсек, Жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы бойынша бизнес бастау немесе оны кеңейтуге несие қаражатын Сбербанк Казахстан, АТФБанк және Halyk Bank АҚ Қызылорда облысы бойынша филиалдарынан рәсімдеуге болады.
