ЖАЛАҒАШТЫҚТАР ЖҮРЕК КҮНІНЕ ОРАЙ АКЦИЯ ӨТКІЗДІ
29 қыркүйек -Дүниежүзілік жүрек күні. Осыған орай Жалағаш аудандық орталық ауруханасында «Сау жүрекке таңдау жаса!» атты ұранмен кең көлемде акция өткізілді.
Акцияда дәрігерлер тұрғындарға қанайналым жүйесі ауруларын ерте анықтау мен оның асқынуының алдын алу, скринингтік тексеруден уақытында өту қажеттілігі туралы түсіндіріп, салауатты өмір салтын ұстануға шақырды.
«Денсаулық қалашығы» орнатылып, тұрғындарға кардиолог, терапевт, салауатты өмір салты қалыптастыру дәрігері, Жастар денсаулығы орталығының мамандары, психолог мамандар кеңестер берілді.
Сонымен қатар тұрғындардың қандағы қант деңгейі, холестерин мөлшері, бой, салмақ өлшеніп, үнпарақшалар таратылды.