ЖАҢАҚОРҒАНДА КӨПҚАБАТТЫ ҮЙЛЕР САЛЫНУДА
Бүгінгі күні үш қабатты 18 пәтерлі 1 тұрғын үй құрылысы толығымен аяқталды. Үй су, кәріз және электр жүйесіне толығымен қосылған, алдағы айларда газ жүйесі берілетін болады.
Аудан әкімдігі мердігер компаниямен келіссөз жүргізіп, алғашқы үйдің бағасын 21 пайызға яғни 1 шаршыметрі - 140000 теңгеден 110000 теңгеге төмендетіп, бекітті. Мысалы, 42 шаршыметр болатын 1 бөлмелі үй бағасы - 4600 000 теңге (бастапқы бағасы 5800 000 т), 54,2 шаршыметрлік 2 бөлме – 5 900 000 теңге (бұрынғы бағасы 7500 000 т), ал аумағы 65 шаршыметр 3 бөлмелі пәтерлер - 7100 000 теңге (бұрынғы бағасы 9100 000 теңге) болып бекітілді.
Алдағы уақытта құрылысы басталатын тұрғын үйдің 1 шаршы метрі 120 000 теңге болады.