ЭӘЙТҮН МАЙЫ БАУЫРДЫ ТАЗАЛАЙДЫ
Осыған дейін зәйтүн майының бауырды тазалаудағы пайдасы туралы көп айтылатын. Чили оқымыстылары осы тұжырымды ғылыми түрде дәлелдеді.
Олардың пайымдауынша зәйтүн майын ұдайы қолдану арқылы ағзаға артық майлардан түсетін ауыртпалықты азайтуға болады екен. Өнім құрамындағы полифенол гидрокситирозол бауырды май гепатозынан қорғап, оның жұмысын жақсартатын болып шықты.
Өз тұжырымдамаларын нақтылай түсу үшін кәдімгі тышқандарға тәжірибе жасап көрген ғалымдар жәндіктер ағзасында холестериннің күрт азайғанына көз жеткізген. Олар осы арқылы жүрек-қан тамырлары ауруларын да азайтуға болатынын айтып отыр.
press-mir.com