МАЛ БАҚҚАНҒА БІТЕДІ
Соңғы жылдары туған жерін түлетуді көздеген азаматтар жаппай ата кәсіпті дамытуды қолға алып жатыр. Бұған мемлекет те барынша қолдау танытып отыр.
Жалағаш ауданында мемлекеттік “Сы¬баға”, “Құлан”, “Алтын асық”¬ бағдарламалары бо¬йын¬ша мал шаруашылығын дамытуға жыл сайын қомақты қаржы бөлінуде. Ел игілігі үшін жасалған бұл бағ¬дарламалардың тиімділігін көрген тұрғындар мал басын көбейтіп қана қоймай, ет, сүт өнімдерін нарыққа молынан шығара бастады. Соның нәтижесінде, соңғы 3 жылда мал шаруашылығы өнімдерінің көлемі артқан. Мәселен, 2016 жылы төрт түлік мал басының саны 2015 жылмен салыстырсақ, мү¬йізді ірі қара – 6,2 пайызға, жылқы – 23,8 пайызға, түйе – 14,4 пайызға, үй құстары – 9,1 пайызға, қой – 5,6 пайызға, ешкі – 16,5 пайызға өскен. «Сыбаға» бағдарламасымен 2011-2016 жылдары ара¬лығында аудан бойынша қаржы институттары арқылы 47 шаруа қожалығы 276,5 млн теңге несие алып, барлығы 3402 бас жергілікті аналық пен 114 бас асыл тұқымды бұқа сатып алған. Мұнымен қоса, «Құлан» бағдарламасы бойынша ауданға 90 бас асыл тұқымды жылқы малы әкелініпті. Айта кетейік, сол жылы аталған саланы дамыту бағытында мал шаруашылығымен айналысып отырған кәсіпкерлер 148 млн теңге субсидия иемденген болатын.
Ал, биылғы жылдың 6 айында мүйізді ірі қара – 9,5 пайызға, жылқы – 8,4 пайызға, түйе – 13,4 пайызға, қой-ешкі – 3,4 пайызға және үй құстары 97,4 пайызға артты. Бұл өткен жылмен салыстырғанда едәуір өсімді көрсетеді. Ай¬талық, «Ірі қара мал етінің әлеуетін дамыту» жобасының аясында «Сыбаға», жылқы шаруашылығын дамыту¬ ба¬ғытында «Құлан», қой өсіруге демеу болатын «Алтын асық» бағдарламалары ауданда¬ қар¬қынды іске асырылып келеді. Атап айтсақ, «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 2 бас асыл тұқымды бұқа мен 48 бас аналық мал алынса, «Құлан» бағдарламасы арқылы 8 бас асыл тұқымды айғыр мен 92 бас бие сатып алынған. Сонымен бірге, «Алтын асық» бойынша 190 бас жергілікті қой малы мен 7 бас асыл тұқымды ет бағытындағы қошқар әкелінді. Аталған үш бағдарлама бойынша шаруашылықтар 35 млн. теңге көлемінде несие алыпты.
Міне, осылайша, асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуда, мал шаруа-шылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруда аудан шаруашылықтары мемлекет тарапынан беріліп отырған субсидияларды т謳쬬¬¬¬¬¬ді пайдаланып келеді. Үс¬тіміздегі жылдың 6 айында шаруашылықтар сатып алынған малдың құнын арзандату мен МІҚ малының селекциялық жұмыстарына 38 млн 710 мың теңге көлемінде субсидияға да қол жеткізген.