ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ СУДЬЯҒА АЛҒЫС БІЛДІРДІ
Қала тұрғыны Нәбира Құлбаева Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының төрағасы Қайрат Мәмиге Қызылорда қалалық сотының судьясы Телжан Жүсіповке ризашылығын білдіріп, хат жазыпты. Бұл туралы Қызылорда қалалық сотының баспасөз қызметі хабарлады.
Хат иесі бұрынғы жұмысына қайта орналастыру туралы азаматтық ісі бойынша судья Т.Жүсіпов талап қоюшы мен жауапкердің дәлелдемелерін жан-жақты егжей-тегжейлі қарап, іс бойынша қажетті құжаттарды сотқа тапсыруына ықпал жасап, екі жақты тең ұстап, мұқият қарағанын жазады.
ҚР Жоғарғы сотының төрағасы атына жазылған хатта қала тұрғыны Н. Құлбаева «Мен Телжан Қуанышбекұлынан қазақтың қара қылды қақ жаратын баяғы билердің ұрпағының бүгінгі бейнесін көрдім», - деп ризашылығын білдірген.