АЙМАҚТА АУҚЫМДЫ АКЦИЯ ӨТКІЗІЛУДЕ
Аймақта тәртіпсіздік пен құқық бұзушылықтарға «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қамтамасыз ету жөніндегі ұйымдастырушылық және практикалық іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру мақсатында ағымдағы жылдың қыркүйек айының 25-27 күндері аралығында облыс көлемінде «Тәртіпсіздік пен құқық бұзушылықтарға мүлдем төзбеушілік» республикалық акциясы өткізілуде.
Шара мақсаты халық арасында тәртіпсіздік пен ұсақ құқық бұзушылықтарға «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастыру, азаматтардың құқықтық танымы мен құқықтық мәдениетін көтеру болып табылады.
Қызылорда қалалық ІІБ баспасөз қызметінің хабарлауынша акцияға полиция қызметкерлерімен қатар, құзырлы мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың, «Нұр Отан» партиясының және қоғамдық құрылымдардың өкілдері қатыстырылуда.