ӘСЕМ САДЫҚОВА – АЗИЯДА АЛДА!
Түркіменстанның астанасы Ашхабад қаласында жабық кешенде өтіп жатқан Азия ойындарында ауыр атлетикадан 69 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен жерлесіміз Әсем Садықова қоссайыс нәтижесінде 222 келіні бағындырды.
Әсем ел тарихында ауыр атлетикадан Азия ойындарының чемпионы атанған алғашқы қазақ қызы.
Оның еңбегі мен табандылығының арқасында еліміздің әнұраны ойналып, туымыз көкте желбіреді. Ол ауыр атлетикадан Қазақстан Республикасы чемпионаты мен кубогының жеңімпазы және жүлдегері. ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Азия чемпионаты мен Универсиада ойындарының қатысушысы.
Ашхабадта алдан көрінген Әсем енді қараша айында Американың Анахайм қаласында өтетін әлем чемпионатында және келесі жылы Оңтүстік Кореяда болатын Азия ойындарына қатысады.
Қызылорда облысының жоғары спорт шеберлігі мектебінде тәлім алатын спортшының бапкерлері Вилорий Пак, Алексей Герасев және Нұржан Смаханов.