«ТІЛ - ЖАНЫҢ, ТІЛ – ҚАНЫҢ, ТІЛ – АРЫҢ, ТІЛ - ӘНІҢ»
Қармақшы ауданындағы ІІІ Интернационал ауылдық мәдениет үйінде түрлі ұлт өкілдерінің қатысуымен «Тіл жаның, тіл – қаның, тіл –арың, тіл - әнің» атты шара өтті. Мемлекеттік тілді үйрету арқылы қазақстандық бірегейлікті қалыптастыру, қоғамдық келісім мен ел бірлігін нығайту мақсатындағы шараны ауылдық клуб пен «Қоғамдық келісім» КММ бірлесе ұйымдастырды.
«Сәлем сөздің анасы» кезеңімен басталған кеште топтар өздерін жан-жақты таныстырды. Осыдан кейін қазақ тілі, әдебиет пәндері бойынша сұрақтарға жауап берді.
Топ басшылары арасында өткен сергіту ойынынан кейін қатысушылар «Сандар сөйлейді» кезеңінде слайдта көрсетілетін сандар мен жылдарға түсініктеме берді.
«Мақал – сөздің мәйегі» кезеңінде түрлі этнос өкілдері берілген сұрақтарға мақалмен жауап берді.