КӨПТІЛДІ БІЛІМ БЕРУ: МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН БОЛАШАҒЫ
Облыс ортылығындағы №5 мектеп-лицейінде қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Көп тіліді білім беру: мәселелері мен болашағы» тақырыбында 10-11 сынып оқушылары арасында дөңгелек үстел өткізілді.
Елбасы бағдарлап берген межелерге жету жолдарын талқыға салу, мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, мемлекеттік тілдің мәртебесі мен маңызын кеңінен насихаттау мақсатында ұйымдастырылған шараға «Ұстаз мәртебесі» газетінің бас редакторы Нұрлан Көбегенұлы мен облыстық түрік этно-мәдени бірлестігінің төрайымы Гульчин Гейдарова арнайы шақырылды. Дөңгелек үстел меймандары тақырыпқа орай пікірлерін білдіріп, латын әліпбиіне көшуге қатысты ойларын жеткізді.
Өзекті мәселелерден қалыс қалмаған оқушылар да өз пікірлерін айтты.