СҰЛУ СЫРДАН ЖЫР ТЕРГЕН
Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде «Қазақ тілі мен әдебиеті» пән бірлестігінің ұйымдастыруымен "Сұлу Сырдан жыр терген" атты әдеби - сазды кездесу кеші болып өтті.
Шара «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасы бойынша Сыр елі жастарына әр буындағы ақын апаларымыздың еңбегін таныту әрі насихаттау мақсатында ұйымдастырылды. Кездесу кешіне халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, ақын Қатира Жәленова, халықаралық «Шабыт» фестивалінің жүлдегерлері, жас ақындар Назгүл Бердіқожа мен Толқын Шахарбекқызы арнайы шақырылды.Өмірін өлеңімен өрнектеген жергілікті ақын қыздар мектеп оқушыларымен жүздесіп, өнегелі өмірі мен шығармашылығы жайлы сыр шертісті.
Сұлу сырмен сырласқан жандардың шығармаларымен терең танысқан оқушылар есімі республикаға танылып жүрген ақындардың өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқыды, әндерін шырқады.
Әдеби-сазды кештің «Сыр-сұхбат» бөлімінде оқушылар өздерін толғандырып жүрген сауалдарын жолдап, ең қызыө сауал иесі қонақтар қолтаңбасы қойылған кітапқа ие болды.