ҚОСЫМША РЕЗЕРВ КӨЗДЕРІНЕН БЮДЖЕТКЕ 5,4 МЛРД ТЕҢГЕ ТҮСТІ

Оның айтуынша биылғы жылдың 8 айында да өсім қарқыны сақталуда. Шоғырландырылған бюджетке түсім, өткен жылдың осындай уақытымен салыстырғанда, 37,6 млрд.теңгеге (36,1 пайызға) артқан.
- Департамент мемлекет қазынасына 8 айда 141,4 млрд.теңгенің түсімін қамтамасыз етті, республикалық бюджет жоспары 111,3 пайызға, жергілікті бюджет жоспары 117,7 пайызға орындалды. Қосымша резерв көздерінен бюджет 5,4 млрд.теңгеге толықты. Салықтық тексерулер (128 кешенді және тақырыптық) нәтижесінде 3,5 млрд.теңгенің қосымша салықтары есептелді, камералдық бақылау қорытындысымен қосымша 1,7 млрд. өндірілді, - дейді департамент басшысы.