ДЕНСАУЛЫҚ АПТАЛЫҒЫ ӨТТІ
Жалағаш ауданында «Өз денсаулығың – өз қолыңда!» атты ұранмен скрининг апталығы жарияланды.
Осыған орай аудандық халыққа қызмет көрсету бөлімшесінде «Денсаулық қалашығы» орнатылып, онда тұрғындарға тегін медициналық – психологиялық кеңес берілді.
Апталықта 48 тұрғында қан қысымы барлығы анықталып, 38 адамда қандағы қант мөлшері артқандығы белгілі болды. Сондай-ақ келушілердің бой, салмағы өлшеніп, түрлі аурулардың алдын алуға шақырған үнпарақтар таратылды.
