«БІР ШАҢЫРАҚ АСТЫНДА»
Қазақстан халқының тілдері күніне орай Жалағаштағы №31 мектеп-гимназиясында «Бір шаңырақ астында» атты оқушылар фестивалі өтті. Шараға Қызылорда облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ-нің аға сарапшысы Ш.Абдраманова, №31 мектеп-гимназиясының директоры А.Мыханова, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері қатысты.
Фестивальге қатысушылар түрлі этнос өкілдерінің билерін дөңгелете билеп, «Ақшамық», «Асық ату» ойындарын ойнап, мақал-мәтелдер мен жаңылтпаш айтып, өз өнерлерін ортаға салды. «Қоғамдық келісім» КММ-нің аға сарапшысы Ш.Абдраманова барша қатысушыларды Қазақстан халықтарының тілдері күнімен құттықтап, «Қоғамдық келісім» КММ-нің атынан мектепке арнайы естелік кітаптар сыйға тартты.
Өнерпаздар мен ұстаздар қауымына «Қоғамдық келісім» КММ мен «Жалағаш достық мекені» қоғамдық бірлестіктерінің арнайы алғыс хаттары мен бағалы сыйлықтары табысталды.