САНАҒА СІЛКІНІС КЕРЕК
Жаңақорған ауданындағы «Ордакент» ардагерлер және жастар ресурстық орталығы үйінде Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын насихаттау мақсатында «Рухани жаңғыру» жобасы аясында Жазушылар Одағы мүшелерінің аудан тұрғындарымен кездесу өткізіліп, Елбасының бағдарламалық мақаласы жан жақты насихатталды.
Жиын барысында жазушы, драматург, Жазушылар Одағының мүшесі Сұлтанәлі Балғабай бәсекеге қабілетті болу үшін жастарымыздың еңбекке, кәсіпкерлікке, жан – жақты білім алуға құштар болып, бойкүйездіктен арылу қажеттігін жеткізді. Қазақстан Жазушылар Одағының облыстық филиалының жетекшісі, ақын Қаршыға Есімсейітова Қазақстанның әрбір азаматы ұлттық құндылықтарын, салт – дәстүрін, мәдениетін құрметтеп, рухани болмысымызды сақтай отырып, санада сілкініс жасалған жағдайда ғана Елбасының бағдарламалық мақаласынан туындайтын «Туған жер» бағдарламасы жоғары деңгейде жүзеге асырылатындығын айтты. Осы ретте, «Киелі Қазақстан» картасы жасалып жатқандығында тілге тиек етті.
Жиын соңында сөз алған аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Зинабдин Шермағамбетов аудан жұртшылығын Елбасымыздың бағдарламалық мақаласынан туындайтын тапсырмаларды орындауда ең бірінші жалқаулықтан арылып, сананы жаңғырта отырып, тәуелсіз еліміздің тұғырлы болуы үшін аянбай еңбек етуге шақырды.