ҚАЗАҚСТАН АУМАҒЫНДА ТҰМАН ТҮСІП, КӨКТАЙҒАҚ БОЛАДЫ, ЖЕЛ КҮШЕЙЕДІ, СОЛТҮСТІКТЕН ЖАЯУ БОРАСЫН СОҒАДЫ
Қазақстан аумағында атмосфералық ағындардың өтуімен кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады, жел күшейеді, солтүстіктен жаяу борасын соғады, деп хабарлады ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-батысында және батысында ғана күн райы ашық болады.
Ақмола, Қостанай облыстарында кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ болады, желдің күші 15-20 м/с-қа жетеді. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын жүреді, тұман түседі, көктайғақ болады, желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Павлодар облысында кей жерлерде жаяу бұрқасын болады, тұман түседі, жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде тұман түседі, жолдарда көктайғақ болады, күндіз жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды облыстарында, түнде Алматы облысында тұман түсуі күтіледі.
Таяудағы тәуліктерде Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарының шегінде Сырдария өзенінде су деңгейі құбылады. Қазақстанның солтүстік, шығыс және орталық бөлігіндегі кейбір су нысандарында мұз қату үдерісі жалғасады. Республиканың оңтүстігіндегі, оңтүстік-шығысындағы және шығысындағы өзендерінде гидрологиялық режимде айтарлықтай өзгерістер болмайды.