ДЕПАРТАМЕНТ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТКІЗДІ

Онда департамент мамандары, «Қазақстан орындаушылардың құқықтарын басқару қоғамы» және «Абырой» авторлар қоғамының өкілдері, авторлық құқық және сабақтас құқықтарды қорғаудағы өзекті мәселелер, авторлық құқықпен қорғалатын туындыларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу мәселесін талқылады.
Шараны департамент басшысының орынбасары И.Бәкішева ашып, бөлім басшысы С.Бекхожа, қоғамдық бірлестік өкілі М.Ахметова хабарлама жасады. Қатысушыларға «Авторлық құқығыңызды тіркеткіңіз келсе..» тақырыбында дайындалған бейнеролик, слайд материалдары көрсетілді.
Кездесу барысында авторлар Ғ.Дауылбаева, Т.Нағашыбаев, ақын-сазгер М.Күзембаев авторлық қоғамдармен шартқа тұру, сыйақы төлеу мәселелері туралы өз пікірлері мен ұсыныстарын білдірді.
Дөңгелек үстел жұмысына қатысушыларға жадынамалар мен кітаптар таратылды.