МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНА ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
Жаңақорған ауданының азаматтық қорғау гарнизонының қызметкерлері жылу беру маусымындағы төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында Жаңақорған кентінің орталығында орналасқан №3 мектеп интернаты мен №125 С.Сапарбеков атындағы орта мектептің жоғарғы сынып оқушыларына түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде 73 оқушы мен 14 мұғалімге арнайы дайындалған бейнероликтер көрсетіліп, төтенше жағдай кезіндегі атқарылуы тиісті шаралар жайлы кең көлемді айтты.
Жасөспірімдерге «112» және «101» жедел қызмет телефондарын дұрыс пайдалану жөнінде, жалған шақыру бойынша қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылатындығы жөнінде ескертілді.
Сонымен қатар, білім нысандарында сақталуы қажет өрт қауіпсіздігі талаптары жайлы үнпарақтар таратылды.
Қызылорда облысы ТЖД