МЕРЕКЕГЕ ОРАЙ ПКІРТАЛАС ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
Тілдер мерекесіне орай, Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының оқу залы секторы қызметкерлері «Тіл – халықтың күре тамыры» атты пікірталас ұйымдастырды.
«Өркениет» медициналық колледжінің студенттері екі топқа бөлініп, «Үш тұғырлы тіл» мәселесін және латын әліпбиіне көшу саясатын сөз етті. Тартыс өте қызықты өтті.
Үштұғырлы тіл – елдің бәсекеге қабілеттілікке ұмтылуда бірінші баспалдағы болып табылады. Үштұғырлы тіл өмірлік қажеттіліктен туындаған идея.
Пікірталас соңында оқырмандар жастарды тіл тазалығын сақтауға, мәдениетті сөйлеуге, ана тіліне деген сүйіспеншілігін қалыптастыруға, мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруге ат салысуға шақырды.
Іс-шара соңында оқырмандар «Тіл – ұлттық қазына» кітап көрмесімен танысты.