КӘСІПКЕРЛЕР АМЕРИКАДА ТӘЖІРИБЕДЕН ӨТІП КЕЛДІ
Қызылордалық жас топ-менеджер "Бизнестің жол картасы 2020" бағдарламасы аясында АҚШ-да тегін тәжірибелік іс-сапарда болып қайтты.
Еске сала кетсек, "БЖК2020" бағдарламасының "Іскерлік байланыстар" жобасының екінші кезеңі аясында шағын және орта бизнес өкілдері Германияға 4 апталық және АҚШ-та 3 апталық іс-сапарда тегін тәжірибеден өтіп келеді. Жоба мақсаты халықаралық және шетелдік ұйымдардың қолдауы арқылы шетелдік серіктестермен құрылған іскерлік байланыстар есебінен өндірісті жаңғыртуға көмек көрсету болып табылады.
Азиз Нұрахатов Қазақстандық кәсіпкерлер тобының құрамында Америкаға барып келді. Азиздың сөзінше, АҚШ-ң 4 штатында болып, 20-ға жуық кәсіпорындарға барған. Сапар жоба қатысушыларын оқытудан басталды, арнайы олар үшін бизнесті жүргізу, интернет-маркетинг пен Қазақстанмен іскерлік байланыстар орнатуды дамыту жобасы аясында бұқаралық ақпарат құралдарында бизнесті жарнамалау сұрақтары бойынша бизнес-тренинг ұйымдастырды. Сонымен қатар, Америкалық-Қазақстандық бизнес ассоциациялармен кездесу ұйымдастырылды. Кездесуде Қазақстандық кәсіпкерлер ассоциация мүшелерімен АҚШ-тағы бизнес-климаттың жағдайын талқылады. Америкада тұрып, бизнесін ашумен қатар, оны табысты жүргізіп отырған қазақ бизнесмендері өз кәсіптері жайында баяндады, тәжірибелерімен бөлісе отырып, жоба қатысушыларына өз тараптарынан ынтымақтастық келісімдер аясында көмек көрсетуді ұсынды. Тағы бір қызықты кездесу ҚР Елшілігінің бас экономисті Дәурен Қабиевпен өтті. Кездесу барысында Қазақстан мен АҚШ арасындағы экономикалық қарым-қатынас жайы сөз болды.
"Іскерлік байланыстар" жобасының екінші кезеңіне қатысушылар Лас-Вегас қаласында өткен күрделі қоспалар жеткізушілер мен дайын өнім шығарушы бизнесмендерді жинайтын әлемдегі ең ірі SupplySideWest көрмесіне қатысты. Бір жерде бір уақытта күрделі қоспалар, құрлғылар жеткізуші және дайын өнім шығару саласының 1700 лидерлері жиналады және көрмеде сонымен қатар, зертханалық тестілеу ұсынатын фирмалар, логистика мен қораптау жөніндегі эксперттер де болды. Бүгінде аталған көрме бұрынғыға қарағанда жаңа технология мен ғылыми стратегиялық бағытта таптырмас қызметтер ұсынады. Мұндай бірегей көрмеге қатысып, Америкалық бизнесмендердің тәжірибесіне қанығып қайтуға мемлекеттік қолдау аясында шағын және орта бизнес өкілдері қол жеткізді.
- Америкадағы тәжірибе күткенімнен асып түсті. Қызылорда қаласында шағын компанияда жұмыс жасаймын және онда логистика мен көлік тасымалы қызметімен айналысамын. Тәжірибелік сапар аясында көптеген маңызды ақпарат алып, өз саламдағы басқа да бизнес өкілдерінің жұмысымен таныстым. Әсіресе есімде қалғаны Америкада бизнеспен айналысып жүрген жергілікті қазақ кәсіпкерлерімен өткен кездесуді айта аламын. Оларда бізбен кездесуге шынайы қуанып, өз қолдауларын ұсынды. Мен сапардан алған тәжірибемді және ақпараттарды компания жұмысын өркендетуге пайдаланамын деген үміттемін,- дейді Азиз Нұрахатов.
Барлығы 2014 жылдың басынан бері "Бизнестің жол картасы 2020" мемлекеттік бағдарлама аясында Қызылорда облысынан шағын және орта бизнесте жұмыс жасайтын 3 кәсіпкер Германияда іс-тәжірибелік сапардан өтті және 1 кәсіпкер АҚШ-да болып қайтты.