СЕНБІЛІК ӨТКІЗУ – ҚАЛА ТАЗАЛЫҒЫНА ҮЛЕС ҚОСУ
Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің ұжымы көктем және күз айларында облыс көлемінде өткізілетін сенбіліктерге ұдайы атсалысып келеді. Сенбі күні осындай іс-шараға департамент ұжымы ауызбіршілікпен қатысты.
Сенбілік барысында Департамент ғимаратының айналасы мен ауласы қоқыстардан тазарып, бордюрлері әктеліп, ағаштардың қажет емес, қисық немесе қураған бұтақтары кесіліп, талдардың түбі әктелді. Сонымен бірге ғимарат алдындағы көшедегі қоқыстар да тазаланды. Сенбіліктің ұйымдастырушы-басшысы Бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік қызмет басқармасының бастығы Нұрсұлтан Ибрагимов болды.
Сенбілікке 45 адам қатысты.
Қызылорда облысы ТЖД