ОҚУШЫЛАР ҮШІН АШЫҚ ЕСІК КҮНІН ӨТКІЗДІ
Оқушылар арасында төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында Жаңақорған ауданының азаматтық қорғау гарнизоны қызметкерлері кенттегі №169 Н.Илялетдинов атындағы орта мектебінің жоғарғы сынып оқушыларына ашық есік күні өткізді.
Шара барысында оқушыларға алғашқы өрт сөндіру құралдары мен өрт сөндіру техникалары таныстырылып, төтенше жағдайлар мен өрттердің алдын алу, судағы оқыс жағдайлардың алдын алу тақырыптарында түсіндіру жұмыстары жүргізілді, «Тұрғын үйдегі өрт қауіпсіздігі», «Судағы төтеше жағдайлардың алдын алу» тақырыптарында үнпарақтар таратылды.