МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ-МЕМЛЕКЕТТІҢ МЕРЕЙІ

Кездесуге Майлыбаевтар мен Жармахановтар әулеті, архив қызметкерлері, №4 орта мектеп мұғалімдері және оқушылары қатысты.
Отбасы-бүкіл қоғамның негізі. Іс-шараға қатысқан отбасылар отбасылық әулеттің негізгі тіректері – қарияны қадірлеу, әкені құрметтеу, ананы ардақтау және балаға жастайынан тәлімді тәрбие беру ұлтымыздың ұлағат мектебі және өнегелік салты ретінде бекігені туралы айтты. Сонымен қатар, отбасындағы бала тәрбиесі, олардың тұлға болып қалыптасуындағы ұстаз еңбегі жайлы әңгіме болды.
Іс-шара барысында Майлыбаевтар және Жармахановтар отбасының суреттерінен жинақталған слайд көрсетілді.
Сонымен қатар оқушылар отбасы туралы мақал-мәтелдер айтып, жыр шумақтарын оқыды.
Шара соңында қонақтарға сый-сияпат көрсетілді.