СЕГІЗ АЙДА 19507 ТҰРҒЫН ӘКІМШІЛІК ЖАУАПКЕРШІЛІККЕ ТАРТЫЛДЫ
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің құқық бұзушылыққа «Мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастыру бағытында әкімшілік кодекстің бірқатар баптары белгіленген болатын.
Қызылорда ОІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, облыста биылғы жылдың 8 айында жаңа қағидат бойынша 19507 құқық бұзушылық анықталды. Атап айтқанда қоғамдық орындар мен көшелерде ұсақ бұзақылық жасағаны, ортақ пайдалану орындарын, саябақтарды, скверлерді ластау, белгіленбеген орындарда коммуналдық қалдықтарды шығарғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабымен 2292 азамат жауапкершілікке тартылды.
Қоғамдық орындарда алкоголь ішімдіктерін ішу немесе мас күйінде келудің 5570 дерегі анықталып, оларға айыппұл салынды.
Түн тыныштығын бұзудың 1547, ал қоғамдық орындарда темекі шекпеу жайлы талапты бұзудың 1267 дерегі анықталған.
Балалары түн мезгілінде заңды өкілдерінсіз жүргені жүргені үшін 2594 ата-анаға, оның ішінде кешкі уақытта кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдердің ойын-сауық орындарында болуына жол берген 39 ойын-сауық мекемесінің әкімшілігіне сотпен шара көрілді.