ПАРТИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТІП ЖАТЫР
«Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық Кеңес пен партиялық бақылау комиссиясының «Мәдениет және спорт саласындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған шаралар» тақырыбындағы кеңейтілген отырысы өтіп жатыр.
Жиында облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының міндетін атқарушы Мира Әбуова «Қызылорда облысының мәдениет саласындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағатталған шаралар» тақырыбында хабарлама жасады.
Сондай-ақ жиында спорт саласындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған шаралар легі жайлы айтылды.
Қатысушылар мәдениет және спорт саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу және оны болдырмауға бағыталған шараларды жүйелі түрде жүргізілу жайын талқылап жатыр.