ҚАЛА КӨРКІ АЙШЫҚТАЛА ТҮСТІ
Аудан орталығында Арал қаласының күндеріне орай қарқынды жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл тұралы аудан әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Бүгінде қаладағы басты Сапақ би және Бақтыбай батыр көшелерінде осы апта басында басталған жөндеу жұмыстары жалғасып жатыр. Бұдан бөлек Әбдікер Қаюпов атындағы көшеге жаңадан жол салынуда. Бұл жұмыстарға облыстық бюджеттен 31 млн қаржы бөлінген.
Сонымен қатар, жылдағы дәстүр бойынша жаппай қала көркін әрлеу, жөндеу, көркейту, санитарлық тазалау жұмыстары қыза түсті. Атап айтқанда, жеке үйлердің ауласындағы тұрмыстық қатты қалдықтар, көше бойында жалпыға қызмет көрсететін нысандар толықтай тазартылып, сыртқы келбеті жаңғыртылуда.