ТІЛ − ТАТУЛЫҚ ТІРЕГІ
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің тапсырмасы барысында Қызылорда облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің ұжымы ағымдағы жылдың 22 тамыз бен 22 қыркүйек аралығында «Тіл - татулық тірегі» атты бір айлық жұмысын жариялаған болатын. Мемлекеттік тілге байланысты әртүрлі бағыттағы шаралар жоспарға сәйкес өткізілді.
Қорғаныс саласының қызметкерлері Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының қызметкерлері ұйымдастырған «Ана тілім-тұғырым» атты кітап көрмесімен танысты. Көрмеде жаңадан баспа бетін көрген туындылармен танысып, рухани азық алды.
Сонымен қатар облыстық ішкі саясат басқармасының тапсырысымен «Қазақылықтың Атамекені» қоғамдық ұйымы ұйымдыстырған «Мемлекеттік тіл-менің тілім» атты байқауға қатысқан әскери қызметші Қ.Жұматов арнайы алғыс хатқа ие болды.
Әскери қызметшілер мен қызметкерлер арасында «Ана тілімізді ардақтаймыз» тақырыбында сайыс жеңімпаздары да осы шарада марапатталды.