АУДАН БАСШЫСЫ ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСТІ
Талап ауылдық округінде аудан әкімі Ғалым Махмұтбайұлы Әміреев аудан жастарымен еркін пікір алаңында кездесті.
Кездесу барысында аудан жастары аудан басшысына кәсіпкерлік, ауылшаруашылық салалары бойынша ұсыныс - пікірлерін жеткізді. Шараға барлық ауылдық округтің жастар ісі жөніндегі мамандары, жас кәсіпкерлер және жоғары сынып оқушылары қатысты.
Сонымен қатар, кездесудің екінші бөлімі жастар ісі жөніндегі мамандардың еркін бағыттағы шығармашылық, шешендік қабілетін шыңдайтын 5-7 минуттық сахналық көріністерін тамашалау болды.
Шараны кіші футболдан жастар арасындағы жолдастық кездесу қорытындылады.