АЛПЫСҚА ЖУЫҚ ЕСІРТКІ АЛҚАБЫ АНЫҚТАЛДЫ
ҚР ішкі істер министрлігінің нұсқауына сәйкес «Көкнар» жедел-профилактикалық шарасы кезінде Қызылорда облысы Ішкі істер департаментінде «Дельта-Сырдария» өңірлік бөлімшесі құрылған болатын.
Бөлімше құрамында есірткі заты бар өсімдіктерді анықтап, есірткі қлмысына қатысты келіп түскен хабарламаларға ден қойып, барлық құзырлы қызмет салаларымен осы бағыттағы жұмысты үйлестіреді.
Қызылорда ОІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша құрылым жұмысын бастағалы бері облыс аумағында 76 есірткі қылмысы ашылып, 58 алқап анықталды. Оның 8-і Қызылорда қаласы болса, 31-і Сырдария, 12-сі Шиелі және 3-і Жалағаш ауданының аумақтарынан табылды. Есірткі алқаптарының басынан 53442 түп сора өсімдігі өртеу жолымен жойылды.
Есірткі құралын аса ірі мөлшерде сақтаудың 18 дерегі тіркеліп, заңсыз айналымнан 600 келіден астам марихуана тәркіленді.
Барлық анықталған қылмыстық әрекеттер бойынша тиісті тергеу жұмыстары жүргізілуде.