ДЕМАЛЫС КҮНДЕРІ АСТАНАДА ЕКІ ОБЛЫСТЫҢ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТЕДІ
23-24 қыркүйек Астанада Қарағанды және Қызылорда облыстарының ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды 24 kz телеарнасы.
Биылғы сегіз ай ішінде Астанада 50-ге жуық жәрмеңке өткен. Кейбір аймақтар бірнеше рет келген.
- Жәрмеңкелерде біз 8 млн теңгенің 25 мың тоннадан астам өнімін өткіздік. 23-24 қыркүйек Қарағанды мен Қызылорда облыстарының бірлескен жәрмеңкесін ұйымдастыру жоспарлануда. Ол Қ.Мұңайтпасов көшесіндегі «Қазақстан» спорт кешені аумағында өтеді. Онда 500 тонна өнім саудаланады, – деді қалалық ауылшаруашылық басқармасының басшысы Ардақ Досанов хабарлады.
Айта кету керек, елордаға жыл басынан бері дистрибьюторлік арналар арқылы 80 мың тонна азық-түлік жеткізілген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 25-30%-ға көп.