«НҰРЛЫ ЖОЛ» ЭКОНОМИКАНЫҢ ДАМУЫНА СЕРПІЛІС БЕРЕДІ - Д.НАЗАРБАЕВА
Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында айтылған «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясаты экономика мен әлеуметтік саланы одан әрі дамытуға серпіліс береді. Бұл туралы Алматыда Ортаазиялық парламентшілер мәжілісі барысында ҚР парламенті Мәжілісінің вице-спикері Дариға Назарбаева мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz.
«Ұлттық басымдық – отбасы институтын қолдау. Біз дәстүрлі отбасылық құндылықтарды нығайтуға, отбасы беделін көтеруге көп көңіл бөлеміз. Ел Президенті айтқандай, ХХI ғасырдың ортасында тату әрі ауқатты отбасылары көп елдер ең дамыған мемлекеттер қатарында болады», - деді Д.Назарбаева.
Сондай-ақ, ҚР парламенті Мәжілісі вице-спикерінің айтуынша, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың кейінгі Жолдауында айтылған жаңа дағдарысқа қарсы бағдарлама Қазақстанға экономика мен әлеуметтік саланы одан әрі қарқынды дамытуға көмектеседі.